« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауының жеңімпаз-лауреаттарын, «ALTYN OIMAQ» дизайнерлер байқауының және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Премьер-Министр «Алтын сапа» мүсіншелерін «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымындағы кәсіпорындарға табыстады. Олардың қатарында «Алматы ауыр машина жасау зауыты», «Орал трансформатор зауыты», «AZAM-KC» ЖШС бар.
Сонымен қатар, Асқар Мамин «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетті. Осы орайда «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында С.М. Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ, «Үздік ұжымдық шарт» аталымында «АқсайГазСервис» АҚ, сондай-ақ «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша «Байкен-U» ЖШС іріктелді.
Мұнымен қоса, Үкімет басшысы «Altyn Oimaq» гран-при жүлдесін Алина Даниловаға табыстады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауының лауреаттары марапатталды.
Байқау мақсаты - киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін қалыптастыру мен насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен сұранысын ынталандыру.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |