« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстанда сатылған әрбір екінші автомобиль отандық кәсіпорындарда құрастырылған. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз еліміздің басты мейрамы Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Тәуелсіздікті жариялау бір мәселе, бірақ мүлдем басқасы, барынша маңызды әрі ең қиыны - оны ұстап қалу. 28 жылдың ішінде Елбасының басшылығымен көптеген жұмыстар. Индустрияландыру ел экономикасы дамуының мығым керегесін қалыптастырды. Бүкіл елде шамамен 1300 жаңа өнеркәсіп іске қосылды. Нәтижесінде өндеу секторындағы өндіріс көлемі соңғы 10 жылда 3 еседен астамға өсті. Өңдеу өнеркәсібіне 34 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясы тартылды. Сектордағы экспорт көлемі үштен бірге артты және бүгінде 165 млрд долларды құрады», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірілген өнімдердің 120-дан астам елдің нарығына жеткізілетіндігін айтты. Орталық Азия, ЕАЭО елдері, Қытай және Еуропалық нарық қазақстандық өнімдер жеткізілетін негізгі нарыққа айналғандығына назар аудартты.
«Үкіметтің дерегіне сәйкес, соңғы 8 жылда экспортқа 85 жаңа тауарлық позиция шығарылды. Индустриализация әлемдік дағдарыс кезеңінде экономикамыздың дамуына байыпты серпін берді. Экономиканың көптеген салалары мен секторларында бейін мен құрылым біртіндеп өзгеріп жатыр. Метталургияда болаттан рельс, арқан, радиатор сынды дайын бұйымдар өндірісі басталды. Ел ішінде алюминийді бастапқы қайта өңдеу артты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Президенті еліміздің әлемдік титан өндірушілер тізбесіне қосылғандығын атап өтті. Бұған дейін шығарылмаған титан құймалары мен қорытпалары жолғ қойылғанын айтты.
«Автомобиль жасауды дамытуға жағдай жасалды. Бұл саладағы өндіріс көлемін 8 есе арттыруға мүмкіндік берді. 2010 жылы Қазақстанда 4 мың автомобиль шығарылатын. Осы жылдың 10 айының қорытындысында құрастырылған машиналардың саны 38 мыңнан асып түсті. Бүгінде Қазақстанда сатылған әрбір екінші автомобиль отандық кәсіпорындарда құрастырылған», - деді Мемлекет басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |