Ержан Максим Бакуда өнер көрсетеді

Ержан Максим 14 желтоқсанда Бакуда өтетін «Қыс 2019» фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы фестивальға қатысуға, шамамен бір жарым ай бұрын оның ұйымдастырушыларынан бізге ұсыныс келіп түсті. Олар Ержанды түрлі байқаулардан көріп, ұнатып, шақыруға шешім қабылдаған. Фестивальға халықаралық масштабта танылып жүрген, талантты балалар шақыртылуда. Және де шараға қатысуға осы ел ішінен де кастинг арқылы балалар іріктеліп алынған», - деді Ержанның анасы Гүлмира Әлібек ҚазАқпарат тілшісіне.

Сондай-ақ, Гүлмира Әлібек Ержанның арманы туралы айтты.

«Ержанның Димаш ағасы сияқты қазақ елінің атын шығарсам, қазақ елін әлемге танытсам, соған үлесімді қоссам деген өзінің арман тілектері бар. Нәтижесінде осы фестивальга келіп қатысуды ұйғардық. Оның үстіне, бұлда бір әлемдік деңгейдегі фестиваль деп ойлаймыз»,- деді Г.Әлібек.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2019 г. 236 0