«Nur Otan» партиясының саяси Доктринасындағы еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы міндеттер бүгінде халқымыздың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жалпыұлтық мақсаттармен тығыз ұштастырылған.
Елбасытөрағалығымен өткен фракция жиында партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Депутаттар - партияның діңгегі, белсенді электораттың негізі» деп айтқан болатын. Бұл жергілікті мәслихаттардағы нұротандық депутаттарды біріктіретін фракция жұмысына қойылып отырған талаптар.
«Халық келіп кеткенді емес, қиылып қызмет еткенді сыйлайды» дегендей, халыққа қызмет етуде «Nur Otan» партиясы жұмысын жаңғыртуға сәйкес жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракция жұмыстары біршама жандануда.
Аймағымыздың барлық фракция жетекшілері әлеуметтік желіде ортақ чатқа топтасқан, өзара жылдам хабар алысу мүмкіндігі бар. Заман талабына сәйкес, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану белсенділігі де жақсарды.
Депутаттық фракция мүшелерінің әлеуметтік желіде бұрын тек 37%-ның өз парақшалары болса, бүгінде бұл көрсеткіш 80%- ға жетті. Сонымен бірге халықты толғандыратын әлеуметтік желілердегі білім, денсаулық, жұмыс т.б. сауалдарға өз ойларын, тұжырымдамаларын ұсыну, жариялау жақсаруда.
Жасыратыны жоқ, бұрын фракция жұмысы сессия материалдарын қараумен шектелетін. Фракция депутаттары тұрғындарды мазалайтын, өткір мәселелерді жиі көтере бермейтін. Халықтың өз депутаттарына үміт арта бермейтіні де, кейде танымай жататыны да осыдан туындаса керек.
Бүгінде фракция жұмысы өз сайлау округтері бойынша қабылдаулар жасау, сайлаушылармен кездесулер өткізу, фракцияның көшпелі отырыстарын ұйымдастыру сипатында ауқымын кеңейтіп отыр.
Жергілікті мәслихаттардағы, нұротандық депутаттық фракциялардың өзара байланысы нығайды. Аудан, қала, облыстық деңгейдегі елді мекен проблемалары үйлесімді жұмыстар арқылы шешілуде.
Бұл жерде әрбір елді мекеннің тыныс-тіршілігін тереңдей зерттеу, тұрғындармен кездесіп орын алған күрделі мәселелерді талқылаудың орны ерекше. Бұл бағыттағы жұмыстарда шалғай елді мекендерді қамтуға алда ерекше назар аударылатын болады.
Депутаттық фракция жұмысының басты мақсаттарының бірі - жергілікті бюджет қаражатының нысаналы, әрі тиімді жұмсалуы, бюджетті қалыптастыру мен оның орындалуын бақылау.
Депутаттық тұрақты комиссияларда әрбір мекемелерге жүктелген бағдарламалардың орындалуы мен қаржының игерілуі талқыланып отырады. Жақында өткен фракция отырысында аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын дамытуға облыстық бюджет 2,3млрд.теңгеге нақтыланды.
Мәслихаттағы фракция депутаттары «Nur Otan» партиясының барлық бастамалары мен бағдарламаларын өңірлік деңгейде іске асуына жауапты.
Заңнамаға сәйкес жергілікті өкілді орган ретінде мәслихаттарға үлкен мүмкіндіктер берілген.
Халықтық мәселелерді шешуде мәслихат құзіретін фракция жұмысын күшейтудің заңды құралы ретінде пайдалануға болады.
Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдар өкілдерімен биылғы қараша айында өткен басқосуда, еліміздегі жетекші саяси күш ретінде «Nur Otan» партиясының алдына үлкен міндеттер қойды.
Ел болашағы жолындағы партия төрағасы, Елбасымыздың маңызды идеялары, стратегиялық ойлары- біздің саяси жұмыстағы басты бағытымыз.
Ибадулла Құттықожаев
Қызылорда облыстық мәслихатындағы
«Nur Otan» партия депутаттық фракциясының жетекшісі