Қазақтың шапанын киіп алған америкалық боксшы жұртты сүйсіндірді

Сауд Арабиясында көзқарас айқасында АҚШ боксшысы Майкл Хантер жиналған жұртты таңқалдырды. Ол көпшіліктің алдына қазақтың ою-өрнегі бар ұлттық киім киіп шығыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның бұл әрекеті қазақстандық желі қолданушыларының жаппай талқысына алып келді. Майкла Хантер Instagram парақшасында жүзден астам қазақстандық оны жарыса мақтап, жылы лебіздерін білідіріп жатты. 

"Бүкіл қазақтың атынан сіздің біздің ұлттық киімімізді кигеніңізге алғыс білдіремін", "Майкл сен бүл кеудешені қайдан алдың? Бұл қазақтың шапаны ғой", "Біздің ұлттық киім сіздің өңіңізді одан сайын ашып түсті ғой" деп жазыпты қазақстандықтар. 

Боксшы өзінің The Bounty лақап атымен белгілі көрінеді, қазақстандықтар оған "Жомарт" деген есім берген көрінеді. 

Ең алғаш әлемдік бокс рингіне қазақтың ұлттық киімін Геннадий Головкин киіп шыққан еді. Ол өзінің жекпе-жектерінің алдында үнемі ұлттық киімін шығып келген.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2019 г. 291 0