Байқоңыр қаласында Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Тұрғындар Қазалы ауданынан әкелінген өнімдерді 10-15 пайызға арзандатылған бағамен сатып алды. Бұл жолғы жәрмеңкеде 400 келі «Қазалы» кәмпиті, 4 тонна күріш, 1,5 тонна сүт және сүт өнімдері, 300 келі жылқы еті, 2 тоннаға жуық балық өнімдері, 6 тонна картоп пен көкөніс өнімдері ұсынылды. Мұнда сатушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы шатырлар орналастырылды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі