« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев көп көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының жаңа механизмін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ешқандай дүрбелең жоқ. Әзірше тізімдерді нақтылау қажет, кейін 2020 жылдың қаңтарынан бастап ХҚКО атаулы әлеуметтік көмектің төлемдерінің жаңа механизмін түсіндіретін болады. Сіздер жаңа механизм енгізіп жатқанымызды білесіздер, үш түрі болады. Көпбалалы отбасыларға (төрт баладан жоғары) табысына қарамастан мемлекеттік арнайы жәрдемақы төленеді. Төрт не одан да көп баласы бар отбасыларының барлығына төленеді. Екіншісі - АӘК. Ол қала береді, алайда бұрынғы механизммен төленетін болады, бұл жерде күнкөріс минимумы ескеріледі. Үшіншісі - кепілдендірілген әлеуметтік пакет те төленеді", - деді Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтанда мәслихаттың 25 жылдығына орай өткен конференцияның кулуарында.
Сапарбаевтың айтуынша, жаңа жәрдемақы алу үшін құжат тапсыру кезінде уақыт шектеуі болмайды екен.
"Біз қазір берекетсіздік болмасы үшін алдын ала адамдарды дайындап, құжаттарды тапсырып үлгеруіне жағдай жасап жатырмыз. Сіздер білесіздер, қаңтарда бәрі жүгіреді, соны ертерек атқару қажет", - деп қорытындылады вице-премьер
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |