Тұрмыстық газ жарылысынан қалай сақтанамыз?

 Тұрмыстық газ адам үшін пайдалы ғана емес, сонымен бірге қауіптің жоғары көзі. Күнделікті өмірде табиғи газдың екі түрі қолданылады: үйлерге құбырлар арқылы кіретін негізгі газ және баллондарда сұйытылған газ. Газдың ағуы улану немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіңіз. Айналаңыздағы адамдардың өмірін қауіпті жағдайға ұшыратпау үшін газ және тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану ережелерін есте сақтаңыз.

Газ жабдықтарын пайдалану кезінде мыналарға тыйым салынады:

  • балаларға және оны қауіпсіз пайдалану тәртібімен таныс емес адамдарға газ құрылғыларын пайдалануға;
  • газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға;
  • сіріңке жанғанға дейін немесе қолмен тұтандырғыш іске қосылғанға дейін ГАЗ вентилін ашпаңыз;
  • егер үйде газдың иісі болса, сіріңкелерді жағуға, темекі шегуге, жарық пен электр құрылғыларын қосуға болмайды. Газ құрылғыларының барлық шүмектері мықтап жабылғандығын тексеріңіз.
  • Есте сақтаңыз:
  • газ баллондарын гараждарда, пәтерлерде, балкондарда сақтауға;
  • пәтерлерде газ плиталарын өздігінен қосу және ажыратуға;
  • пәтерді жылыту үшін газ плиталарын пайдалануға болмайды.
  • Газ баллондарын тек мамандандырылған орындарда толтырыңыз. Үйден шыққан кезде газ плитасын өшіруді және баллондағы вентилді жабуды ұмытпаңыз.
  • Егер сіз жоғарыда аталған барлық талаптарды орындасаңыз, онда өрт оқиғасына жол берілмейді. Егер өрт шықса, дереу өрт сөндіру қызметіне «101» немесе «112» нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз.

Қызылорда облысы ТЖД.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2019 г. 600 0