"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 1-3 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.