Диплом мен ғылыми еңбектер плагиатқа жаңа әдіспен тексеріледі

Биылдан бастап елімізде білім саласында плагиатқа тексеруде жаңа жүйе енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлады Елорда Инфо. 
«Біздің министрлік шешім қабылдады. Биылдан бастап алғаш рет «Turnitin» плагиатқа тексеру жүйесін енгізудеміз. Қазіргі таңда біз бұл жүйені тексерудеміз. Сондай-ақ плагиатқа қатысты тиісті нормативті құжаттарға өзгерістер енгіздік. Ендігі уақытта диплом, магистрлік, ғылыми жұмыстар осы жүйе арқылы тексеруден өтеді. Яғни бұрғынғыдай магистрлер мен ғалымдар қорғап кеткен жоба, жұмыстарын қайта қорғау, тексеру, дәлелдеу деген болмайды. Айтар болсақ, 2009 жылы қорғалған диссертация плагиат деген күдікпен қоғамда үлкен резонанс тудырды. Плагиатпен күдікке іліккен тұлғаның кім екенін сіздер білесіздер, ол кейін өтініш жазып қазір университетте жұмыс істемейді», - деді А.Аймағамбетов ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында. Сондай-ақ министр еліміздегі білім беру жүйесін бірыңғайландыру керектігін айтты.
«Мен министр ретінде өз ойымды айтқым келеді. Менің ойымша, 21 ғасырдың трендін қарастыратын болсақ, онда біз барлық білім беру жүйесін, бастауыш, орта білім, жоғары білімді үйлестіруіміз керек. Осы жүйеге бізде қайталанатын мәселелер мен бағыттар бар. Сондықтан барлық білім беру жүйесін бастауыштан жоғарыға дейін талдау жасауымыз қажет және министрлік сапалы біліммен қамтамасыз ету жолында барлық тиісті жұмысты атқаратын болады», - дейді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 желтоксан 2019 г. 667 0