Сырдария өзені арнасынан шығуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұз құбылыстарына байланысты Сырдария өзенінің Жосалы тармағында су деңгейі қауіпті белгіге жақындады.
Нақты деңгей таңғы 08:00-де 638 см болатын. Қауіпті деңгей - 665 см (судың өзен арнасынан шығуы). Шекті деңгей - 720 см. Бұл жағдайда елді мекенді су басады.