Қазалылық жас боксшылар тағы да жеңістің биік тұғырынан көрінді. Бұл жолы біздің былғары қолғап шеберлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткен Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде жеңіске жетті.
Атап айтар болсақ, жас боксшылар Ерхан Оңталапов пен Мадияр Қалижанұлы 33 және 43 келі салмақта алтын медаль иеленіп, туған жердің абыройын асқақтатты.
Ал, Жанболат Наурызбай мен Наурызбек Есет екінші, үшінші орындарды қанағат тұтты.
Жеңімпаз жерлестерімізді жарысқа дайындаған №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтың мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жеңіс Боранбаев.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі