Иесіз қолдорба жұртты дүрліктірді

Иесіз қолдорба жұртты дүрліктірді Қызылорда вокзалында иесіз қолдорба жұртты дүрліктіріп, құзырлы органдарды аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды 24.kz.
Қол дорбаның ішінде жарылғыш зат болуы мүмкін деген күдікпен полицейлер вокзал ішіндегі жолаушылар мен қызметкерлерді сыртқа шығырып, сол маңды толықтай қоршауға алды. Төтенше жағдай мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлері де келген. Тез арада арнайы жасақ мамандары иесіз қолдорбаның ішінде жарылғыш заттың жоқ екендігін анықтады. Артынан оны ұмытып кеткен азамат та табылды. Ол 1990 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Ол – ұлты тәжік Қазақстан азаматы. Анықтау шарасы кезінде пойыздар кестеден кешікпеген. 
"Жолаушы өзінің салғырттығынан қолдорбасын тастап кеткен. Қызметкерлердің арнайы шаралары нәтижесінде оның иесі анықталды. Ол өз қолдорбасын не себепті тастап кеткені жөнінде түсінік беруде", - деп мәлімдеді Қызылорда стансасы желілік ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Бектаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 тамыз 2014 г. 836 0