«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында елімізде кәсіпкерлік саласы кең өріс алды. Өткен жылы бағдарлама аясында өз кәсібін бастаған Қайрат Дүйсебаев Жалағаш ауданының инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосты. Ауданда бұрын-соңды болмаған жаңалық ашты.
Бұрын жалағаштықтар билбордқа жазылған жарнама таяқшаларды облыс орталығына барып жаздыратын. Облыс орталығына барып келуге біршама жол шығыны мен уақыт шығынын жоғалтатын. Осы сансыз сабылудан аудан жұртшылығы арылғандай болды. Аудан орталығынан жарнама агенттігі ашылып, барлығын қуантқан жаңалық болды. «Даму» жарнама агенттігі шетелдік технологиямен толық жабдықталған. "Бір миллион теңгені өз қаражатымнан, қалған қаржыны мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие арқылы алып, өз кәсібімді бастадым", - деді жас кәсіпкер Қ.Дүйсебаев.
Мекемеге қажетті маңдайшаларды, мектепке қажетті тақтайшаларды, ішкі және сыртқы жарнаманың барлық түрімен қамтамасыз етіп отыр. Агенттік иесі қайырымды істерден де қалыс қалған емес. Жуырда Рамазан айы қарсаңында аудандық «Иманқұл» мешітінің алдына безендіру жұмыстарын жүргізіп, Рамазан айының маңыздылығы жөнінде жазылған билбордты ақысыз орналастырды. Қазіргі таңда бұл агенттік үш адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта, кәсібінің ауқымын кеңейтіп, жұмысшылар санын арттырмақшы.С ондай-ақ, Қайрат үйлену тойларына лимузин автокөлігін жалға береді, деп хабарлайды аудандық ішкі саясат бөлімі.