71 жыл бұрын (1948) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева дүниеге келді.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1969-1993 жылдары Қазақ жастар мен балалар театрының актрисасы болған. Б.Майлиннің «Шұғасында» Шұға, Ш Айтматовтың «Арманым, Әселімде» Әсел, А.Чеховтың «Шағаласында» Аркадина, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Кәләй, С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» Райхан, М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Мөржан, У.Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда, тағы басқада рольдерді орындады. «Тоғысқан тағдырлар» (Роза) және «Қарашегіртке» (Марго) телесериалдарына, «Ләйләнің намазы», тағы басқа көркем фильмдерге, балаларға арналған телебағдарламаларға түскен. Гастрольдік сапармен Германия, Ресей, Иран және Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.