Қызылордада тәжікстандыктар жол апатына түсті

Тәжікстан азаматтары Шымкент - Самара тасжолында жол-көлік оқиғасына түсті. Оқиға орнында полицейлер мен медицина қызметкерлері жұмыс жасауда.

2019 жылдың 2 желтоқсанында Шымкент - Самара тасжолында Арал ауданының Сазды аумағында Ресейден Тәжікстанға бағыт алып бара жатқан Тәжікстан азаматтары бар жолаушылар автобусы басып озып, алдыңғы бөлігімен “DAF” жүк көлігінің артына соққан.

Автобуста 74 адам (2 жүргізуші, 1 механик, 71 жолаушы) болған.

Қайтыс болғандар жоқ. Жүргізуші мен механикке медициналық көмек көрсетілуде.

Жол - көлік оқиғасы орнында 13 полиция қызметкері, ТЖД 6 қызметкері, " Жедел жәрдем" бригадасының 6 қызметкері, барлығы 7 бірлік автотехника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлерінің, құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жедел және жұмылдырылған әрекеттерінің нәтижесінде жол- көлік оқиғасына түскен автобус жолаушылары Тәжікстан азаматтарына қажетті жедел көмек көрсетілді.

Автобус жолаушылары Тәжікстан азаматтары ешқандай дене жарақаттарын алмаған. Олар жол бойындағы қызмет көрсететін пунттерге жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қәзіргі таңда полицейлер жолаушыларды жол жүру орындарына жіберу шараларын қабылдауда.

Алдын ала мәліметтер бойынша апат көктайғақтан орын алды.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өз кезегінде, жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе қолайсыз ауа райы мен көктайғақ кезінде елеулі жол-көлік оқиғаларының себебі болуы мүмкін.


Қызылорда облысы 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 желтоксан 2019 г. 655 0