Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік отшашу болады
Тұңғыш Президент күніне орай елордада мерекелік отшашу болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.
«Отшашуды қала тұрғындары мен қонақтары Есіл өзенінің жағалауында (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан-шатыр сауда орталығы маңында, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысында тамашалай алады" делінген хабарламада. Отшашу жергілікті уақытпен кешкі сағат 21:00-де ұйымдастырылады.