Халықпен байланыс басты орында

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында қоғамдық қабылдау өтті. Департамент басшысы Ардақ Ерсейітовтің қатысуымен өткен маңызды шарада бірқатар мәселе ортақ талқыға салынды.

Спикер агенттік бастамасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, тұрмыстық жемқорлықты жою мен оның алдын алу бағытындағы шаралар жүзеге асып жатқанын айтты. Сонымен қатар жоба аясында азаматтардың күнделікті тыныс тіршілігімен тығыз байланыста болатын 10 салалық бағыт айқындалғанына тоқталды. Әрі қарай  шарада азаматтардың талап-тілегі тыңдалды. Кезекті қабылдаудан көбіне білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және қоғам белсенділері табылды. Олар көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап, заң шеңберіндегі қажетті кеңес алды.

М.СНАДИНҚЫЗЫ. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 желтоксан 2019 г. 575 0