Отбасы – қоғам құндылығы

 Қоғамда отбасына қатысты мәселе көп. Бұл төңіректегі түйткілдер  облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Отбасы. Қоғам. Құндылық» тақырыбындағы облыстық әйелдер форумында айтылды. Шараға көпбалалы аналар, аналар кеңесі мүшелері мен түрлі салада жетістікке жеткен әйелдер, көпбалалы жас отбасылар қатысты.

Жиында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова тақырыптың мазмұнына тоқталды. Сонымен қатар, «Еуразиялық банк» АҚ филиалының басшысы Айжан Шегенова отбасы қаржысын жоспарлауға байланысты басты мәселелерге назар аудартты. Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Зоя Көшенова «Ұрпақ денсаулығы – ұлт болашығы», «Жомарт» қоғамдық қорының төрайымы Мая Наримова «Ерікті еңбектің қоғамға қосар үлесі» тақырыбында баян­дама жасады.

Форумға «Баламекен» шағын ауданының тұрғындары қатысып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға отбасыларының атынан алғыс білдірді. Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, облыстық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын қолдау бағытында елеулі үлес қосып келе жатқан қыз-келіншектер марапатталып, концерттік бағдарламаға ұласты.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2019 г. 976 0