« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кешегі даласында абақтысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір біріне өкпесі, бірінің біріне кеткен есесі болмады дейсіз бе? Болды ғой. Бірақ сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкеніне жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы шешімді сұрады. Ал, би болса, әділ әрі таза шешім шығарып, кесім кесіп, қара қылды қақ жарған. Бұл біздің дала мәдениетіміз, өркениетіміз бен болмысымыз еді. Тұңғыш Президент Н.Назарбаев айтқандай, біз мақтанатын бабалардың асыл жолы еді.
Міне, азаттықтың самалымен тыныстаған 28 жылдың ішінде экономикасы дамыған тәуелсіз, рухы мықты елге айналдық. Бүгінде көкірегімізді кең керіп, жүректен шыққан жалынды қуаныш сезіммен бүкіл әлемге біздің Тұңғыш Президентіміз, Көшбасшымыз бар деп ауыз толтырып айта аламыз.
Егемендігіміз қайта оралып, қаз-қаз тұрдық. Бірақ, көптеген құндылықтардан айырылып қала жаздадық. Ұмыт болған ұстанымның іздері осы бүгінгі сот саласында да сайрап жатты. Қайта құрылған жүйе қолда барды қару етіп, аяққа қойды. Міне, содан бері даму үстіндеміз. Бұрынғы болмысымызға жайлап оралып келеміз. Мысалы, кезіндегі әулеттің үлкенінің орнын ауылдың ақсақалдар алқасы басты. Елімізде сотсыз татуласу орталықтары ашылып, жұмыс жасауда. Нақты кезеңде қаншама адам осы медиаторлардың алдынан татуласып шығып жатыр. Бұл да біздің рухани жаңғырғанымыз емес пе? Яғни, Тұңғыш Президенті айтқандай, көнені заманауи тұрғыдан жаңаладық. Бұл – ел саясатының дұрыс бағытта бара жатқанының дәлелі.
Сан ғасырлардан бері жалғасқан билер жүйесін Қасым ханның қасқа жолымен, Әз Тәуке ханның жеті жарғысымен жаңалады емес пе? Бүгінгі сот жүйесі де уақыт өткен сайын ашықтығымен, ыңғайлылығымен, тиімділігі және жетілгендігімен сол жүйені қайталап келе жатқандай. Мәселен, «Түнгі соттың» тиімділігі, «Виртуалды соттың» жеделдігі және заманауи технологиялармен жабдықталуы осыны көрсетеді. Сонымен қатар сот төрелігін әділ атқаруға «Жеті түйін», яғни жеті бағдар көрсетіліп, жарғыдай жарияланып, жүрер жолды анықтағаны нағыз руханиятпен ұштасқаны емес пе? Бұл бағыттың басты тұғыры – «Мінсіз судья» мен «Үлгілі сот». Себебі судья – сот жүйесінің жүрегі. Сот жұмысының айнасы да, басты қорғаушысы да – судья.
«Мінсіз судья» деп заңды жетік білетін мамандарды айтатыны түсінікті. Алайда, судьяның мінсіздігі заңды жатқа білумен ғана өлшенбейді. Ол жан-жақты білімді, мәдениетті, парасатты болуы керек. Өмірлік те, кәсіби де мол тәжірибесі болуы тиіс. Өйткені, судьялық қызмет – құқықтық-демократиялық елді құру және дамыту барысында, әділ, қатаң заң негізінде дұрыс билік айтуды талап ететін әрі ол жөнінде соңғы болып нүкте қоятын, заң саласының ішіндегі ең шоқтығы биік, жауапкершілігі өте зор, мәртебесі бөлек мемлекеттік лауазым.
Үлгілі соттың ұжымында моральдық-психологиялық климат, сот қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы, адами сыйластығы жоғары деңгейде болатыны белгілі. Ал, кешегі өткен билердің бойынан осы қасиет табылатын.
Бабалардың сара жолына жетелеген «Жеті түйіннің» алғашқысы әділеттік, содан кейінгілері судьяның жауапкершілігі мен тәуелсіздігі деп аталды. Кеше мен бүгіннің сабақтастығы, рухани жаңғырудың бүгінге көрінісі осы.
Талант ИБАЙДУЛЛАҰЛЫ,
Қызылорда қаласының
мамандандырылған тергеу сотының судьясы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |