Фотосуреттер шерткен сыр

 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ақмешіт» музейінде «Елдіктің кепілі – Елбасы» атты фотокөрме ұйымдастырылып, тақырыптық экскурсиялар басталды. 

Елбасының өмірі мен еңбек жолы жайлы сыр шертетін фотосуреттер қойылған көрмеде Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктері, сондай-ақ Елбасының шешуші сәтте мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, халқымыз үшін жасаған зор еңбегі туралы айтылды. Елбасының ел тағдыры жолында жасаған қызметтерін, ел басқарудағы көрегендік қабілетін, өнегелі өмірін жастарға үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатуды мақсат еткен көрмеге келу­шілер мол мағлұмат алды.

Айта кетейік, бұл шара 5 желтоқсанға дейін жалғаспақ.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2019 г. 269 0