Тұңғыш Президент күніне арналды

Назарбаев Зияткерлік мектебі «Aray city mall» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған домбырашылар флешмобын өткізді.

Флешмоб барысында оқушылардан құралған ха­лық аспаптар ансамблінің 30-ға жуық мүшесі Нұрғиса Тілен­диевтің «Әлқиса», Дәулеткерей Шығайұлы­ның «Көроғлы», Махамбет Өтемісұлының «Жұ­мыр қылыш», Түркештің «Кө­ңілашар» және Малғаждар Әу­бәкіровтің «Талас» секілді күйлерін шебер орындады. Со­нымен қатар, өнерлі оқу­шылар «Туған жер» туралы пат­риоттық әндерді шырқап, Ұлт Көшбасшысына арналған әсем әндерден шеру жасады. Мектептің «Самға» би тобы «Туған жер» музыкалық композициясын сомдап, кө­рермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

– Елбасының мемлекет дамуы үшін қосқан үлесі ұшан-теңіз. Оның бастамасымен қол­ға алынған түрлі реформалар мен даму стратегиялары елі­мізді әлемдік деңгейде өз по­зициясын айқындап алуы­на үлкен септігін тигізді. Сон­дай-ақ, Қазақстан саяси, дипломатиялық, экономикалық және әлеуметтік жағынан өр­кендей түсті, – деді қатысушы оқушы Жангерей Зейнелов.

ҚР Тұңғыш Президенті кү­ніне арналған күйшілер шеруі Назарбаев Зияткерлік мек­тептерінің қатысуымен елі­міздің барлық өңірлерінде өтті. Оқушылар мен мұғалімдерден құралған домбырашылар бір уақытта қазақ шығармаларын домбы­рамен орындап, мерекені ұлық­тады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2019 г. 285 0