Джордж Бернард Шоу – ирландиялық драматург, жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты.
► Ойланбастан сөйлей салсаң, ойыңдағыны ашып айттың деген сөз.
► Көп адамды өзіне еш қатысы жоқ нәрсе көбірек қызықтырады.
► Өзі өтініп сұрамаған адамға көмектесуге асықпа, алдыңа келмеген жанға кеңес берем деп килікпе. Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл. ► Менің қалжыңдау тәсілім – бұл тек шындықты айту. Өмірде одан асқан күлкілі әңгіме жоқ.
► Достар ренжіскенде бір-бірін жоғалтады деп ойлаушы едім. Жоқ, олар іске, ақшаға, уақытқа келгенде екіге айырылады екен.
► Сөйлеуді үйрендің бе, демек өстің. Үндемеуді үйрендің бе, демек ақылың кірді.
► Әуеде құстай ұшуды, суда балықтай жүзуді үйрендік. Енді бізге бір ғана өмірді адамша сүруді үйрену қалды.
► Адам кірпіш секілді, күйдірген сайын ысылады.
► Сізде де, менде де алма бар дейік, екеуін ауыстырып алсақ, сізде де, менде де бір-бір алмадан болады. Ал егер сізде де, менде де идея бар болса, оларды алмастырып алсақ, екеумізде де екі-екі идеядан болады.
► Сүйгеніңізді алуға тырысыңыз, әйтпесе алғаныңызды сүюге тура келеді.
► Қолынан іс келетін адам әрекет етеді, қолынан түк келмейтін адам өзгелерге үйретумен болады.
► Жалғыздыққа шыдап, одан ләззат ала білу – нағыз ерлік.
► Шынайы болу қауіпті, оның үстіне ақымақ болсаңыз, тіпті қорқынышты.
► Нағыз еркек – өз әйелін ең жақсы әйел деп есептейтін азамат.
► Еңбегіміз сіңбеген бақытты иемденуге хақымыз жоқ.
► Әлем жұмыс істемей-ақ ақша тапқысы келетін жалқаулар мен байымай-ақ жұмыс істей бергісі келетін ақымақтардан құралады.
► Өтірікші үшін ең ауыр жаза – адамдардың оған сенбеуі емес, өзі ешкімге сене алмауы.
► Би – көлденең құштарлықтың тігінен бейленген көрінісі.
► Күйеулеріңді сүйіңдер. Олар сендердің махаббатарыңа мұқтаж. Тіпті мұны өзі мойындамаса да солай. Әр ұлы азаматтың артында оны шын беріле сүйген, сенген әйел тұрған.