Парасаттылық мектебі ашылды

Университетте қазіргі таңда жалпы 5300 студент білім алуда. 2017 жылы «Бизнес-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы (бизнес-инкубатор) ашылды. Бизнес-инкубатор бүгінгі күнге дейін 85 білім алушылар 25 бизнес-жобаны жүзеге асырып, 14 шағын кәсіпкерлік субъектісі ашылды. Жас кәсіпкерлердіңөз бизнестерін бастауға мүмкіндіктер жасалуда.

Соңғы 2 жылда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдары алған патент саны 50-ді құрайды. Университет ғалымдарының «Инновациялық жобалар каталогы» дайындалып 500 данасы шығарылып, технологияларды коммерциаландыру бойынша қызығушы отандық және шетелдік мекемелер мен бизнес-құрылымдарға ұсынылған.

Алик Шпекбаев оқу орнының студенттеріне «Парасаттылық сағатын» өткізді. Өз сөзінде: «Біз Сіздер сияқты санасы сергек, ойы орамды, жүрегі жалынды жастардың қолдауымен ғана жемқорлықтан арыла аламыз. Оқуда дана, еңбекте дара, елге пана болыңыздар», - деген тілегін жеткізді.

Қызылорда облысында өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өңірдегі 293 жалпы білім беру ұйымында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмысын жүргізсе, 32 арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында «Саналы ұрпақ» клубтары құрылған.

Осылайша, жемқорлыққа қарсы 30 мыңнан астам жастың басы біріктірген жоба жүзеге асуда.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев «Адал ұрпақ» еріктілер клубының облыстық штабының белсенділерімен кездесіп, жастарға өмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің, жас кезден бастап әр жеткіншектің бойына әділеттілік, парасаттылық және адалдық құндылықтарын сіңірудің маңыздылығын айтты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2019 г. 430 0