Облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда аталған ұжымдардың бірқатар қызметкері құрмет биігінен көрінді. Оларды облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов марапаттады.
Марапатталғандар қатарында әріптестеріміз, "Сыр бойы" газетінің бөлім меңгерушісі Жолдасбек Ақсақалов, дизайнері Гүлмира Өтешова, тілшісі Айсәуле Қарапаева бар.
Шара барысында сондай-ақ редакция ұжымдарына аймақ басшысының ықылас гүлі табыс етілді.