Қыз өліміне полиция қызметкері күдікті деп танылды

Қыз өліміне полиция қызметкері күдікті деп танылдыӨткен аптада Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы каналдан 23 жасар қыздың өлі денесі табылды. 
Бұл өлімге қатысы  бар деген күдікпен Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкері ұсталды. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған қатысты кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, сот қаулысымен қамауға алынды. Қылмыс тұрмыстық жағдайда орын алған. Қылмыстық іс облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар Басқармасымен тергелуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2014 г. 2 174 0