« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін белгілі журналист, «Астана» телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағали Сыр еліне келіп, журналистермен кездесті. Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен жиында ол «Жаңа медиа мен дәстүрлі БАҚ байланысы» тақырыбында әңгіме өрбітті.
- «Менің ойымша журналистика – мамандықтардың тоғысатын жері. Сондықтан бұл мамандық иесі барлық саланы түсініп, байыбына бара алу керек. Біз қай саланың мәселесін қозғасақ та, қандай тақырыпты көтерсек те оның артында ұлттық идеология мен ұлттық мүдденің жатқандығын ұмытпайық» - деді семинарда Қ.Жұмағали.
Сондай-ақ жиында Құрманбек Жұмағали бүгінгі БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпараттардың ара-жігін ажыратып, нақтылығы жайында ашып айтты. «Астана» телеарнасының бас директоры әлеуметтік желілердегі ақпарат жылдам тарағанымен, оның дәйектілігін халық бәрібір телеарна мен газеттерден күтеді дейді.
Осы семинар-тренингте Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы Әсия Алмауытова «Мерзімді басылымдардағы тілдік ерекшеліктер» тақырыбын тарқатып айтты. Жиын соңында қатысушылар дәріскерлерге өз сауалдарын жолдап, журналистиканың бүгіні мен келешегі жайлы ойларын ортаға салды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |