Ел тірегі – Елбасы

Бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылып, «Ел тірегі Елбасы» тақырыбындағы көрмеге экскурсия өткізілді.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының «Филиология, тарих және құқық» факультетінің және М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің оқытушылары, студенттері және архив қызметкерлері (барлығы 60 адам) қатысты.
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Н.Әбілдаев шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы тарихи рөлі, қол жеткізген жетістіктері туралы айта отырып, өзінің елбасымен кездескен естелігімен бөлісті. "Еліміздің ертеңі білімді жас ұрпақтың қолында...." деген Елбасының үндеуін өзіне үлкен қағида етіп алған әрбір жас ұрпақ патриот ретінде Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосу керек екендігін айтты.
Бөлім басшысы Ж.Алтынбаева Қызылорда облысының мемелекеттік архивінің құрылуы мен қызметіне тоқталып, архив қорында сақталатын егемендік жылдардағы құжаттар, Елбасының Сыр өңіріне сапары туралы мәліметтермен бөлісті.
Шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне дайындалған «Ел тірегі Елбасы» тақырыбындағы көрмемен танысты.
Көрмеге Елбасының қаулылары, әр кезеңдегі Сыр өңіріне келген сапарларын бейнелейтін суреттер, құттықтаулары, баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары, кітаптары қойылды.
Сонымен қатар, қатысушылар архивтің Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, сақталуын қамтамасыз ету, Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архив қорын ведомстволық сақтауды ұйымдастыру мен құжаттауға салааралық басшылық, құжаттардың құндылығын сараптау, толықтыру, Ұлттық архив қорының ғылыми-анықтамалық жүйесін құру, құжаттарды пайдалану және жариялау, Ақпараттық-технологиялар бөлімдерінің жұмыстарымен танысып, қор сақтау қоймаларына экскурсия жасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2019 г. 386 0