Қызылордада жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады

Қызылордада жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрадыҚызылордалықтар «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының игілігін көруде. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар алдында есеп берген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.
Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, еліміздегі жұмыссыздықты жоюды көздейтін сәтті бағдарлама- «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» аясында биыл Қызылорда қаласында 680 азамат кәсіптік және қайта даярлау курстарынан өтіп, 457 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен, 370 жас маман «Жастар тәжірибесімен» қамтылады. 
Бағдарлама аясында 6 білім ошағына (5 мектеп, 1 балабақшада) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Азаматтардың өз ісін ұйымдастыруына мүмкіндік беретін екінші бағыт негізінде бөлінген қаржы өткен жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда биыл 57,3 пайызға артты. Бүгінгі күні 53 қызылордалық 153 млн.300 мың теңгеге шағын несие алып, өз кәсібін ашты. Мұнан өзге, жыл басынан 2181 тұрғын жұмысқа орналасып, өткен жылмен салыстырғанда 52,5 пайызға артты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2014 г. 903 0