Қазақ халқының өнерін насихаттау мақсатында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күй жұмбақ сайысы өткізілді. Оқушылар қазақ күйінің тарихын, дәулескер күйшілердің өмірін танып білді.
Таңғы жиын кезіңде мектептегі домбыра үйірмесінің белсенді мүшелері қазақтың музыкалық аспабын қолдарына алып, күмбірлеген күйлерді орындады. Көрермен ретінде қатысқан 7-8-сынып оқушылары сол күйлердің атауы мен авторларын анықтап, шығу тарихын талқыға салды.
«Бұл шара халқымыздың баға жетпес қазынасы - күйді насихаттау мақсатын көздеіді. Жастар ұлттық музыкаға жақындай түсіп, күйші-ақындардың шығармашылық өмірі жайлы білімдерін тереңдете алады»,– это деп, түсіндірді педагог-ұйымдастырушы-куратор Дина Аширбаева.
Күй жұмбақ сайысында зияткерлер күй атасы Құрманқазының атақты «Балбырауын», Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны», және «Тепенкөк», «Әлқисса», «Туркмен», «Еркесылқым», «Ата толғау» күйлері жайында танымдық білімдерін арттырды.
Айта кету керек, Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде «100 күй» жобасы қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында жас зияткерлер дүйсенбілік саптүзеуде күй мен жыр-термелерді орындау және домбыраны заманауи аспаптармен үндестіре отырып, әлемдік хит әндерді сүйемелдеу арқылыұлттық өнердің жаңғыруынажәнедомбыраға деген қызығушылық арттыруға септігін тигізеді.