Аудан әкімі Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінде болды

Кеше Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбеков Байқоңыр қаласы мен Төретам кентіндегі атқарылып жатырған жұмыстарды көріп, бірқатар нысандарды аралады.
Байқоңыр қаласындағы «Ион Аква шипажай» ЖШС-нің теңгеріміндегі «Ғарышкер» балабақшасының жұмысын арнайы барып көрді.
Байқоңыр қаласындағы көп қабатты 5 тұрғын үйінің жәй-күйімен танысты.
Қазіргі таңда 50 пәтерлік 5 үй инженерлік желілерге қосылып, аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілген. 
Бүгінгі күні Байқоңыр тарапы мен Қазақстан арасындағы келісімдерге сәйкес арнайы комиссия құрылып, үйді тұрғындарға тапсыру мақсатында жұмыстар жүргізуде.
Сонымен бірге сапар барысында аудан әкімі ақсақалдармен бірлесіп, Төретам кентіндегі әлеуметті нысандарды аралады.
Денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер органдарына қатысты сауалдарын тыңдап, алдағы уақытта бірінші кезекте шешілуі тиіс жұмыстарды кент әкімі мен сала басшыларына тапсырды.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қараша 2019 г. 407 0