Отбасы – қоғам құндылығы

Облыстық ішкі саясат басқармасының және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Отбасы. Қоғам. Құндылық" тақырыбында облыстық әйелдер форумы өтті. Форумға көп балалы аналар, аналар кеңестері мүшелері мен түрлі салада жетістікке жеткен әйел азаматтар, көпбалалы жас отбасылар қатысты.

Облыстық форумды өткізудегі мақсат - отбасындағы құндылықтардың мемлекетіміздің мызғымас беріктігін, тыныштығын сақтауда, бала тәрбиесінде алар орны, отбасылық дәстүрлерді жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру мәселелерін талқылау.

Шарада облыстық әйелдер, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Үмбетова Бибігүл Ахмедуллақызы алғы сөз сөйлеп, бүгінгі тақырыптың мазмұны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасады. Еуразиялық банк акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының басшысы - Шегенова Айжан Әріпжанқызы "Отбасы қаржысын жоспарлау" тақырыбында, Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері - Көшенова Зоя Рахатқызы "Ұрпақ денсаулығы ұлт болашығы" тақырыбында, «Жомарт» қоғамдық қорының төрайымы - Наримова Мая Зұлхарнайқызы "Ерікті еңбектің қоғамға қосар үлесі" тақырыбында баяндама жасады. Баламекен мөлтек ауданының тұрғындары мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға отбасыларының атынан алғыстарын білдірді.

Шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, облыстық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын қолдау бағытында елеулі үлес қосып келе жатқан біршама қыз-келіншектер марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2019 г. 422 0