Мемлекеттік қызметшілер смартфон ұстай алады

 Енді шенеуніктер смартфон пайдалана алады. Бірнеше айдан бері мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа смартфон алып кіру мәселесі талқыланған еді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Асқар Жұмағалиев қаулы бекітілгенін мәлімдеді.
- Қаулы бүгін бекітілді. Ғимарат иелері мен полиция таяуда нұсқаулыққа қол қояды. Осыдан кейін ғана мемлекеттік қызметкер смартфон қолдана алады,-дейді министр.
Айту керек, осыдан 3 жыл бұрын барлық мемлекеттік органда қызметкерлер мен келушілерге смартфондарды пайдалануға тыйым салынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2019 г. 358 0