Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылаулар орнатылуда

Қазіргі таңда Қызылордада қосымша 45 бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов мәлімдеді.
– Облысымызда орнатылған 272 бейнебақылау камерасының көмегімен 16 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 91 қылмысқа тергеу жүргізілді. Сонымен қатар, көлік құралын спирт ішіп басқарған 1288 жүргізуші анықталып, оларға әкімшілік шара көрілді. Бүгінде жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында бірнеше жұмыстар атқарылуда, – деді Шамшидин Егенбердіұлы
Сонымен қатар, сала мамандары мал ұрлығы да күрделі мәселелердің бірі екенін айтты. Бұл бағытта жыл басынан бері жеті рет « Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілген. Нәтижесінде мал ұрлығын кәсіпке айналдырған 98 азамат ұсталып, оларға шара қолданылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2019 г. 707 0