18-25 қараша аралығында Анапа қаласында (Ресей) əмбебап жекпе-жектен Əлем чемпионаты өтті.
Дүбірлі бəсекеде облыстан 4 спортшы қатысып, төртеуі де еліміздің намысын абыроймен қорғап, 2 алтын, 2 қола медальдарға қол жеткізді.
Нəтижесінде 60 келі салмақта Фараби Сауытбаев пен 75 келі салмақта Əліби Болатұлы Əлем чемпионы атанды.
Ал Насыр Оңғарсын (65 келі) мен Динара Дүйсембаева (57 келі) қола жүлделерге ие болды.
– Қазақстан құрамасы иемденген 7 медальдің 2 алтынын Сыр спортшылары ұтқан. Еліміздің спортшылары жалпы командалық есепте 2-орынды иеленді. Бұл биылғы жылдың соңғы жарысы, енді келесі жылы өтетін жарыстарға дайындаламыз. Бізге сенім артып, сəттілік тілеген Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Азатұлына Олжас Акимов алғыс білдіреміз, – деді əмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Нұрбек Жармаханов.
Спортшыларды Нұрбек Жармаханов, Бауыржан Жүсіпов жəне Қазыбек Алтыруов дайындады.
Əлем чемпионатына 36 мемлекеттен 250-ден аса спортшы қатысты.