200-ге жуық тұрғын кеңес алды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Параграф» АЖ, zakon.kz порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесе Халыққа қызмет көрсету бойынша №1 қалалық бөлімінде «Халықтық заңгер» акциясы өтті.

Қала халқына консультациялық кеңес беру үшін 30 түрлі сала қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев пен қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Балғабайұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов және әлеуметтік, білім, кәсіпкерлік, жер, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының білікті мамандары бар.

Шараның басты мақсаты – ашықтық, жариялылық принциптері негізінде елмен етене жұмыс істеу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Акция барысында 200-ден астам азаматтар қатысып, бақылау-қадағалау, әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, қаржы институттары және басқа да қажетті орган өкілдері тұрғындарды жеке-жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Акция аясында сонымен қатар, халыққа қызмет көрстеу орталығының мамандары азаматтардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «egov.kz» үкімет порталы мен egov mobile және Telegram bot мобильді қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қараша 2019 г. 392 0