« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Инвестициялық субсидиялау бағдарламасының іске асырылуын талдау барысында Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан, Алматы және Шымкент қалаларынан басқа республиканың барлық өңірлері бойынша шамамен 20 млрд теңге сомаға инвестициялық субсидияларға қосымша қажеттіліктің бар екені анықталды. Қосымша қаражат өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту саласындағы 1130 шаруашылыққа субсидия беру үшін қажеттігі туындап отыр.
Осыған байланысты, республикалық бюджеттен 2019 жылға қарастырылған субсидиялау бағдарламаларына бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мақсатында және облыс әкімдері орынбасарларынан келіп түскен хаттарға сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігіне басқа субсидиялау бағдарламаларынан босатылатын жалпы сомасы 19,1 млрд теңге көлеміндегі қаражатты инвестициялық субсидиялауға қайта бөлу туралы өтінім жолдады. Осылайша маңдай терден несібесін терген еңбекші қауым үшін бұл жағымды жаңалық болып отыр.
Елімізде мал шаруашылығымен айналысатын 18 мың шаруа қожалығы субсидияға өтінім берген. Алайда 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетті нақтылау жобасында бұл бағыт ескерілмепті, деп хабарлады жуырда «Хабар 24kz». Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебінше, қосымша 36,5 млрд теңге қажет.
Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 45%-ін мал шаруашылығы құрайды. Биыл саланы қаржыландыруға бюджеттен 77 млрд теңге бөлінген. Асыл тұқымды мал өсіріп, сапалы өнім өндіруге бет бұрғандар көп.
Фермерлер субсидияға иек артады. Қазір саланы дамытуға ден қойғандар аз емес. Дегенмен, проблемалар туындай бастады. Мысалы, қазірдің өзінде 18 мың шаруаға 36,5 млрд теңге субсидия қажет. Бұл ұсынысты Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджетті нақтылау бойынша заң жобасына енгізуді сұраған. Алайда, Қаржы министрлігі саланы қаржыландырудың тиімділігіне күмәнді. ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов:
«Ауыл шаруашылығы министрлігінен өтініш түсті. Біз өз тарапымыздан субсидиялаудың тиімділігіне дәлел ұсынуды сұрадық. Әрбір дерек қаралады. Бірақ бюджетті нақтылау сәтінде бұл дәлелдер келтірілмеді. Біз толыққанды сараптама сұраған болатынбыз. Қазына қаржысы нақты қайда жұмсалатынын білгіміз келді. Жолданған құжаттар бізді қанағаттандырған жоқ», деді.
Аталған қаржы асылтұқымды мал шаруашылығына қатысты бөлінеді делінген болатын. Жуырда бірқатар депутаттар қаржының бюджетке енгізілмегеніне қарсы пікірлерін білдірді. Ал қаржы министрлігінің уәждері жоғарыдағыдай. Ең дұрысы, есептің, талдаудың сауатты болғанын қалайды. Біздің бұған қосарымыз – бюджет қаржысы, әлбетте, нақтылықты талап етеді.
«СБ» экономика.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |