Қазалылық жүргізуші тұрғындарды тегін тасымалдауда

Кеше қасиетті Мәуліт мерекесіне орай қазалылық жүргізуші жолаушыларды тегін тасымалдауда.
Ғани Мұратбаев ауылында тұратын жеке кәсіпкер Елубай Шағдиев аудан орталығы Әйтеке би кентінен Жалаңтөс ауылына, Жалаңтөс батыр ауылынан Әйтеке би кентіне баратын тұрғындарды тегін жеткізуде.
Қасиетті жұма күні қайырымды істі қолға алған кәсіпкер: «Кәсіп істеп, табыс тауып отырғаннан кейін халыққа қызмет ету, қайырымдылық жасау – парыз. Сондықтан да мен бүгін жолаушылардан ешқандай ақы алмауға шешім қабылдадым. Қасиетті жұма күні халыққа осылай қызмет етіп, садақа қылуды жөн көрдім», – дейді.
Жүргізуші Елубай Әлиұлына кент пен ауылдың тұрғындары алғыс айтуда.
«Бүгін мен аудан орталығынан ауылға қайту үшін осы «Газельге» мінгенмін. Қасиетті жұма күні жүргізуші бізден жолақы алмады. Сондықтан қайырымдылық іс қылып жатқан азаматқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ. «Көп тілегі – көл» деген, бұдан кәсіпкердің көсегесі көгермесе, жаман болмайды», – дейді осы қоғамдық көліктен түскен жолаушылардың бірі Бертағы Тəжиев.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қараша 2019 г. 408 0