Алакөл жағасында шипажай салынады

Шығыс Қазақстанның туризм саласындағы бұл жаңалықпен облыс басшысы Даниал Ахметов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алакөл жағалауы бүгінгі таңда Қазақстанның басымдыққа ие туристік орындарының ондығына кірді. Соңғы 3 жылда инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға 6,2 млрд теңге бөлінді. Алдағы 4 жылда 28 миллиард теңгеге тағы 7 ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сол секілді Ресей Федерациясының Курортология және физиотерапия ғылыми-зерттеу институты жыл бойы сауықтыру туризмін дамыту үшін көлдің емдік қасиеттері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Зерттеу нәтижелерінің өзі көлде санаторий салуға болатынын көрсетіп отыр», - деді Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Аймақ басшысы сонымен бірге Алакөл жағалауының дамуы бюджетке салық төлемдерінің түсіміне ықпал ететінін жеткізді.
«Былтырғымен салыстырғанда биыл Алакөлдің табыс мөлшері 1,6 есе өсті. Сонымен қатар облыста медициналық туризмді дамытудың барлық алғышарттары жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес медициналық қызмет - медициналық туризмді дамытуда артықшылыққа ие болуы мүмкін. Олардың үшеуі - кардиохирургия, нейрохирургия, бірлескен протездеу - Шығыс Қазақстан облысының клиникаларында бар», - деді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қараша 2019 г. 420 0