Польшада «Junior Eurovision 2019» байқауы басталады. Осынау халықаралық ән додасында еліміздің намысын жас әншіміз Ержан Максим қорғайды.
Сіз қай жерде жүрсеңіз де қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түнгі сағат 01.00-ден бастап junioreurovision.tv сайтында жас өренімізге дауыс бере аласыз. Ол үшін тізімнен Ержанмен қатар тағы 2 қатысушыны таңдап, «Дауысты қабылдау»/ «Дауыс беру» түймешегін басуыңыз қажет. Дауыс беру 24 қараша күні сағат 21-00-де шоу басталмай тұрып уақытша жабылады.
Ал одан кейін қайтадан 15 минутқа ашылып, сізде тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігіңіз болады. Осы жексенбіде «Хабар» телеарнасында тікелей эфирден сағат 21-00-де Junior Eurovision Song Contest байқауын көрсетеді. Сонымен Ержанға 2 рет дауыс беруге болады. Бірінші дауыс беру 23 қараша сағат 01:00-ден байқау басталғанша жалғасады. Ал екіншісі концерт аяқталған соң 15 минутқа қайта ашылады. Байқау бойынша және дауыс беру ережесі бойынша толығырақ төмендегі сілтемеден білуге болады:
https://jevision.khabar.kz/ru/ Анықтама үшін: Ересектер «Евровидениесінен» айырмашылығы келесі байқауды ұйымдастыру құқы жеңімпазға берілмейді. Ересектер «Евровидениесінен» тағы бір айырмашылығы, балалар конкурсына қатысушы елдердің орындаушыларына өз елдерінің өкілдерін қолдауға рұқсаттары бар.
Ол үшін
(junioreurovision.tv) ресми сайтында дауыс беруге болады. Онлайн дауыс берудің бірінші сатысы 23 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 01.00-ден бастап 24 қараша күні сағат 20.59-ға дейін жалғасады. Онлайн дауыс берудің екінші сатысы ән орындалғаннан кейін басталады және 15 минутқа ғана созылады. Қазақстан 2019 жылдың 24 қарашасында Гливице қаласы, Польшада өтетін халықаралық «Junior Eurovision Song Contest» ән байқауына екінші рет қатысады. 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын «Eurovision» аналогында елімізді Ержан Максим таныстырады. Қазақстанның аумағында байқауды «Хабар» телеарнасы трансляциялайтын болады. «Хабар» агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді. Былтыр Қазақстанды ән байқауда Данелия Тулешова таныстырды. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, ол үшінші орынға ие болды. Көрермендер мен төрешілердің дауыс беру нәтижесі бойынша жас әнші алтыншы орынды иемденді. Junior Eurovision байқауының шарты бойынша, финалда қатысушылар еш жерде жарияланбаған ұзақтығы 2 минут 45 секундтан 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет. Жеңімпаз қазылар алқасы мен қатысушы мемлекеттердің дауыс беруі арқылы анықталады. Қазылар алқасына 5 адам кіреді – 3 ересек және 2 бала.
Ересектер «Евровидениесінен» айырмашылығы келесі байқауды ұйымдастыру құқы жеңімпазға берілмейді, бұл жас орындаушыларға артық қысым болмауы үшін істелген шара. Байқау ұйымдастырушыларын алдын ала Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) анықтайды. Алғаш рет «Junior Eurovision Song Contest» 2003 жылы Копенгаген (Дания) қаласында 16 мемлекеттің қатысуымен өткен болатын. Ал телекөрермендердің және қазылар алқасының ортақ шешімімен жеңімпазды анықтау 2008 жылдан бастап мүмкін болды, оған дейін дауыс беру көрсетілім кезінде көрермендермен жүзеге асқан еді. 2007 және 2008 жылдардағы дауыс беруден түскен пайда «UNICEF» жолданды». 10 қазан күні Ержан Максимнің «Арманнан қалма!» («Don’t forsake your dream») деп аталатын әнінің тұсаукесері өтті. Әннің авторлары - Хамит Шанғалиев, Данияр Алдабергенов және Тимур Балымбетов. Сондай-ақ
дәл осы күні конкурстық әнге таспаланған бейнебаянының да ресми тұсаукесері болды. Бейнебаянның режиссері – Александр Фломбойм, продюсері – Сергий Руцкий. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында жүргізілген.