Күні кеше облыс әкімі Қ.Ысқақовтың арнайы тапсырмасына сәйкес, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы – Асылбек Шаменов, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы – Әділхан Қарлыханов, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары – Жорабек Ерназаров ауданда жұмыс сапарымен болып қайтты.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімінің орынбасары
Жәнібек Жұбанов басқарма басшыларынан құрылған жұмысшы топқа болуы ықтимал су тасқынының алдын алу мақсатында әзірленген материалдық-техникалық қорлардың дайындығы және аудан аумағындағы бірқатар гидротехникалық құрылғылар мен қорғаныс бөгеттерінің жай-күйін таныстырып өтті.
Сонымен қатар, биылғы жылы Сырдария өзенінен бастау алатын «Советжарма» каналына салынған екі көзді шлюз құрылысының, Аманөткел және Қаратерең елді мекендерінің тұсындағы қорғаныс бөгеттеріне жасалған жұмыстар реті пысықталды.
Сондай-ақ, сапар барысында стратегиялық маңызы бар «Ақлақ» су тоспасының қазіргі жұмыс істеу режимі тексерілді.
Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі