Заң бұзған мемлекеттік қызметкерлердің саны 3,3 пайызға азайды

Биыл облысымызда мемлекеттік органдарға тексеру жұмыстары жүргізіліп, 49 заң бұзушылық анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлердің заң бұзу дерегі 3,3 пайызға азайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев мәлімдеді.
"Орын алған заңбұзушылықтар арасында әдеп нормаларын сақтамау,жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мерзімінде және тиісінше қарамау, табыс және мүлік туралы салық декларациясын мерзімінде ұсынбағандар кездесті.Сондай-ақ, тәртіптік кеңесте 541 маман жауапқа тартылды. Мұнан өзге, мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс істемеуі басты назарға алынып, 43 мемлекеттік органда компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйелері орнатылды",-деді Нұрман Бақбергенұлы.
Сонымен қатар, сала мамандары облыс және аудан орталықтарында 250-ден астам тұрғынның қатысуымен жеке қабылдау өткізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2019 г. 516 0