«Маркетинг таланттары» жобасы басталды

Жуырда «Маркетинг таланттары» жобасы басталды. Ол жоғары сынып оқушылары, студенттер мен фрилансерлерді қамтиды.

Байқау барысында олар «Облыстық жастар ресурстық орталығы» серіктестік танытқан жергілікті кәсіпорындардың маркетинг саласындағы жұмыстарымен айналыса отырып, әріптестік бағытта жұмыс істейтін болады. Үздік деп таныған команданы кәсіпорындар өз қаржы есебінен марапаттайды.

Қазір жоба бойынша  конкурсқа қатысушы 21 команда толыққанды маркетингтік оқу сатыларынан өтуде. Оқыту бағдарламасы маркетингке кіріспе сабақтардан, «СММ-маркетинг», «Таргетинг», «Фото-видео сиқыры», «Сапалы пост» тақырыптарындағы шеберлік сағаттарынан тұрады. Қатысушылардың жұмыстары таныстырылып, жеребе бойынша кәсіпорындарға бөлініс анықталды. Бөлініс бойынша  командалар кәсіпорындарда  өзара бақ сынайды.

Әріптестік бағытта қолдау білдірген кәсіпорындар:

  • «Qolonerulttyqnaqys» орталығы
  • «Есперанзе» мейрамханасы
  • «Ustudy» оқу орталығы
  • «Сана сезім» клиникасы
М.СНАДИН.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2019 г. 546 0