Шиеліде полиция бөлімі көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шиелі аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің бастығы, полиция майорын әшкереледі. Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр", - делінген хабарламада.  
Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2019 г. 533 0