Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 10 бала жеткізілді

9-16 қараша күндері аралығында Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында «Қайыршы» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оған көші-қон қызметі, патрульдік полиция және учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Шара барысында  полиция органдарына әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған  266 тұлға жеткізілді. Оның ішінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамаған 24 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша, 99  азамат  ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабын (қоғамдық орындарда тиісу, қайыршылық үшін), 79 адам ӘҚБтК-нің 517-бабы 1-бөлігімен (ҚР тіркеусіз болу, мерзімінің аяқталуынан кейін 3 тәулікке дейінгі мерзімде ІІО-на келу), 26 адам ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен (тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жай бойынша тұрмау, транзит қағидаларын сақтамау),  38 адам ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (жүзеге асыратын қызметі визада және тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы).

 Сондай-ақ, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 10 бала жеткізілді. Оның біреуі қайыршылықпен айналысса,  9-ы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болған. Жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

          

Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2019 г. 407 0