Балықшылар күні мерекесі тойланды

Балықшылар күні мерекесі тойландыАрал ауданы Бөген елді мекеніне қарасты «Шағалалы» жерінде балықшылар күні мерекесі тойланды. «Бақыт» шаруа қожалығының ұйымдастырумен өткен мерекеге Бөген және Қаратерең ауылының балықшылары қатысты. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында алғаш болып сөз алған «Бақыт» шаруа қожалығының төрағасы Ерхатов Аманбай бүгінде балық өнімдерін шет елге экспорттауға көшкендігін тілге тиек етті. Осы жетістікке жетуде талмай еңбек еткен ауыл балықшыларына өз рахметін айтып, ақсақалдардың иығына шапан жапты. 
Мұнан соң сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әділхан  Алданов әрдайым ауа-райымен арпалысып жүріп, көк теңіздің үстінде сапырылысқан толқынмен тайталаса жүріп, бала-шаға қамы үшін басты бәйге тігетін, еңбегі ерен балықшыларға аудан әкімі Абзал Мұхимовтың алғыс хатын табыс етті. Атаулы шара бұдан әрі әуелеген әнмен, күмбірлеген күйге жалғасты. Жылдағы дәстүр бойынша салтанатты шара соңы мерекелік шараға жиналғандардың теңіз айдынына саяхаттауымен аяқталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 шілде 2014 г. 1 371 0