«Самара-Шымкент» республикалық маңыздағы автокөлік жолының Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі темір жол үстінен өтетін өткелге Мұстафа Шоқай көшесі қиылысынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 2014 жылдың 30 шілдесінен тамыз айының 30-на дейінгі уақытқа «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Қызылорда облыстық филиалы жол қозғалысының қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін және қозғалыс кептелісін болдырмау мақсатында темір жол үстінен өтетін өткел бойынша екі бағытта жол жабылатынын хабарлайды. Көліктердің қозғалысы жаңадан салынған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің Қызылорда қаласының айналма жолы арқылы жүргізіледі.