Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында 1,5 мың кәмелетке толмағанның конституциялық құқығы қорғалды.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, заң бұзушылықтарға жол берген 500 кінәлі тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған және прокуратураның араласуынан кейін 209 жасөспірімге 3 млн. теңге жәрдемақысы төленген.
Мүгедек балаларға арналған 214 мың теңге бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің басшысы Н.Есенбекова сотты болды.