ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев Шиелі ауданында бірқатар қызмет көрсетуші мекемелерді аралап, жұмыстарымен танысты.
Департамент басшысы аудандағы ең көп қызмет көрсететін - аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде, ауданаралық ауруханада болып, мекеме басшыларына қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, қызмет алушы тұрғындардың пікірлерін білді. Сонымен қатар, халықпен күнделікті тығыз қарым-қатынас жасайтын жер қатынастары, ветеринария, құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің «Open space» форматындағы жұмысымен танысты.