Байқоңырда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қармақшы ауданы әкімідігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

50 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері 35 автокөлікпен базар бағасынан 20-30% төмен бағада тұтынушыларға ұсынылды.

Жәрмеңкеге шығарылған өнімдерді атап айтсақ, күріш, картоп, жуа, сечка, сәбіз, капуста, асқақбақ, қарбыз, қауын, кондитер өнімдері мен макарон өнімдері, балық түрлері сатылымға шығарылды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөліміндегі жәрмеңкені ұйымдастырушы мамандардың айтуынша күріш пен балық өнімдеріне сұраныс жоғары болды.

Алдағы уақытта да қалада бағаны тұрақты сақтау мақсатында мұндай шаралар жалғасын табатын болады.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2019 г. 228 0